ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ өзінің ашылған сәтінен бастап облыс орталығының заңдылықты қадағалау жөніндегі органы болып табылады, бұнымен оның ұжымына ерекше талаптар қойылған. 
Өскемен қаласы прокуратурасының қалыптасу және даму тарихы қиын да әрі күрделі болды, ол елмен және бүгінгі күні түсті, тау-кен өндіру және атом өнеркәсібі, машина жасау және энергетика орталығы болып табылатын қаламен бірге тәуелсіз және егеменді Қазақстанға жету жолынан өтті.
Қаланың прокуратурасы 1940 жылғы 30 шілде күні құрылды. 1973 жылғы 5 шілдеде ол таратылғаннан кейін Октябрь және Үлбі аудандарының прокуратуралары құрылды. Облыс орталығындағы екі аудан - Октябрь және Үлбі жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен 1997 жылғы 21 тамызда Өскемен қаласы прокуратурасы қайтадан құрылды.
Қаланың бірінші прокуроры болып Рашид Ақзамұлы Жандабеков тағайындалды. Бес жыл бойы облыс орталығының прокуроры лауазымында прокуратура органдарында 30 жыл бойы жұмыс істеген Бақытжан Қобаұлы Кенжебеков жұмыс атқарды, кіші әріптестері оның жоғарғы біліктілігін құрметтеп «біздің ақсақал» деп атайтын.
Соңғы жылдары қаланың прокуроры болып 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін Е.А.Сәдуов, 2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін С.К.Тасжанов жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап қаланың прокуратурасын Әл-Фабари атындағы ҚазМУ-дың түлегі Ерсін Қадырұлы Шыныбаев басқарып келеді, ол осы лауазымға тағайындалғанға дейін қала прокурорының орынбасары, сондай-ақ ШҚО Курчатов қаласының прокуроры, ШҚО түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор, ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры лауазымдарында жұмыс істеді.
1997 жылы қаланың прокуратурасында 32 қызметкер жұмыс істеді. 17 жылдың ішінде ұжым екі жарым есеге өсті, қазіргі кезде мұнда 73 қызметкер еңбек етеді, олардың көпшілігі жас мамандар.
Жұмыстың ауқымдылығына қарамастан прокуратураның қызметкерлері қоғамдық жұмысты да ұмыт қалдырмайды. Қызметкерлердің ішінде еркін күрестен, армрестлингтен, гир спортынан спорт шеберлігіне кандидаттар және волейболдан разряды бар қызметкерлер бар.
Өзінің жастығына қарамастан прокуратураның ұжымы заңдылық пен тәртіпті нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша күрделі және көлемді міндеттерді табысты шешуде.
Үлкен жүктеме жұмыста жоғары ұйымдастырушылықты, тәртіпті талап етеді. Қала прокуратурасының бүгінгі ұжымы – бұл екі құрамның: бір тараптан - тәжірибе мен жоғарғы кәсібиліктің, ал екінші тараптан – батыл идеяларға ұмтылудың бір тұтас болып бірігуінен тұрады.
Қаланың прокуратурасы «кадрларды дайындау шеберханасы» болып табылады, өйткені оның ұжымының құрамы жыл сайын жартысына дерлік жаңарып отырады. Прокуратураның қызметкерлері жоғары тұрған лауазымдарға жиі жоғарылайды, олар онда қадағалау қызметі бойынша міндеттерді лайықты орындауларын жалғастырады.