Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Обычная версия

«Жоғарғы Заң - Халықтың игілігі»

 

 Құрметті сайт оқырмандары!!! 

Менің жеке қабылдауымның мүмкіндіктерін кеңейту мақсатымен жасалған Өскемен қаласы прокуратурасының сайтына қош келдіңіздер.

Прокуратура – Заңның қылмыстық процесте жоғары болуын қаматамасыз етіп, процесс сатысының барлық кезеңінде қатысушы тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын орган.


Осы сайттың көмегімен Сіз, өзіңізге қолайлы уақытта, ашық түрде қылмыстық құқық нормаларын түсіндіру жөнінде арыздана немесе қылмыстық қудалау органдарының заңсыз іс-әрекеттері жөнінде хабарлай аласыз және ол міндетті түрде тексеріліп, егер расталған жағдайда ресми түрде тіркелінеді.


Сонымен қатар, менімен аптаның әр сәрсенбісінде сағат 10.00-ден 12.30-ға жеке қабылдау өткізілетіндігі туралы хабарлаймын.
Бұл сайттың Сіздерді қызықтырған сұрақтар бойынша жедел ақпарат алмасуға және қылмыстық процесте Заң бұзушылық фактілерін алдын алуға мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін.

 

Құрметпен,

Өскемен қаласының прокуроры

Е.Қ. Шыныбаев


Сұрақ қою

Сұрақ қойғыңыз келс­е мына нұсқаны толтыр­ыңыз. Сіздің сұрағыңызға жу­ық арада жауап беремі­з. Барлық міндетті жо­лақтарды толтыруыңызд­ы сұраймыз.